in

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы ішінара шектеледі

Маусымда Алматының үш ауданында жерасты газ құбырын жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты кей учаскелерде көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды "QazaqQaz Aimaq" сайтына сілтеме жасаған astana24.com.

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, маусымда Медеу және Бостандық аудандарында орта қысымды жерасты газ құбырын қайта жаңғырту жұмыстары басталады.

Жаңғырту жұмыстары Луганский көшесінен әл-Фараби даңғылының солтүстік жағы бойымен Қаратаев көшесіне дейінгі ұзындығы 1154 метр учаскені қамтиды.

Осыған байланысты әл-Фараби даңғылының жекелеген учаскелерінде автокөлік қозғалысына уақытша ішінара шектеу енгізіледі.

Жұмыстар жолдың төрт учаскесінде бір мезгілде басталады:

Сондай-ақ Жароков көшесінде де қозғалыс ішінара шектеледі. Бұл жерде жаңғырту жұмыстары жалпы ұзындығы 1861 метр болатын учаскені қамтиды – Қарасай батыр көшесінен Жароков көшесінің шығыс жағы бойымен Мыңбаев көшесіне дейін.

"Жүргізушілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыс сызбасындағы өзгерістерді ескеруді сұраймыз", – делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от "QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ (@qazaqgaz_aimaq)