in

Боксшы Сәкен Бибосыновқа жаңа әскери шен берілді

Танымал боксшы Сәкен Бибосыновқа жаңа әскери шен берілді, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің Армия орталық спорт клубына сілтеме жасаған astana24.com.

Клубтың Instagram-дағы аккаунтында жарияланған мәліметке сүйенсек, Армия орталық спорт клубының спортшысы, екі дүркін әлем чемпионы, Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосыновқа аға лейтенант әскери атағы берілген.

Айта кетейік, Сәкен Бибосынов – қазақ боксының жарқын өкілдерінің бірі.

Ол 2021 жылғы Белградта, 2025 жылғы Дубайда өткен әлем чемпионттарынының жеңімпазы, Азия чемпионатының күміс, қола жүлдегері, сондай-ақ Токио Олимпиадасының қола жүлдегері.

Бүгінде ол әуесқой бокспен қатар кәсіпқой рингте де бағын сынап жүр.