in

"Кім екенін білемін": Айгүл Иманбаева үйінің маңынан ине шаншылған қуыршақ тауып алғанын айтты (видео)

Актриса, әнші Айгүл Иманбаева желідегі парақшасында ауласынан ішінде "тосын сыйы" бар қуыршақ тауып алғанын көрсетті. Оның айтуынша, өзін көре алмайтын біреу жыл сайын осындай "сый" тастап кететін көрінеді, деп хабарлайды astana24.com.

Айгүл Иманбаева видеоны әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Әншінің сөзінше, бұл өзін жек көретіндердің алғашқы "тосын сыйы" емес, бұл жолы дуа жасалған қуыршақ тауып алған.

"Жаудың алыстан келмейтінін жақсы білемін.Мына сұмдықты кеше таптық, бір жылдан бері әлі жалғасуда. Адамды осыншалықты жек көруге, қызғануға бола ма? Құдайдан неге қорықпайсыңдар? Мұның бәрін кім жасап жатқанына дейін біліп отырмын ғой, (жасырын камера тұрғанын байқамайды ғой) оның үстіне жүрек бәрібір де сезеді. Айтпақшы бұлардың нөкерлері көп жұмсайтын. Өздері жүрмейді. "Закладчиктер" сияқты адамдары бар. Неге өздеріңді, болашақ ұрпақтарыңды ойламайсыңдар? Аттарыңды аттап, түстеріңді түстемей- ақ қояйын. ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан жоқсыздар ма, сендер қай ғасырда қалып кеткенсіңдер?" – деп жазған актриса видео сипаттамасында.

Желі қолданушылары видеоға түрлі пікір қалдыруда.

"Ерінбейді екен, ана қуыршақты ашып, оның ішіне салып, не азап", "Осындай түкке тұрғысыз нәрсемен айналысуға уақытты, энергияны қайдан алады екен", "Аллаға сенсеңіз, мұндайға мүлде сенбеңіз", – деп жазған олар.

Желі қолданушылары арасында актрисаның қуыршақты тауып алғанына сенбегендер де бар.

"Өзі салып, өзі жасап, өзі тауып… Әйтеуір халықтың назарын өзіңе аударып қаралым жинау әдісі", "Осы өтірік сияқты, өзі жасап видео түсіріп жариялауға", – дейді кей қолданушылар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от | Заслуженный деятель РК (@aigul_imanbayeva)