Белгілі әзілкеш әрі шоумен Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары, әнші Мөлдір Мұқанова бірден үш қуанышты біріктіріп, дүбірлі той өткізді, деп хабарлайды astana24.com.
Мөлдір Мұқанованың отбасы қуанышты жаңалықтарды атап өтіп жатыр – үлкен қызы Дубайдағы жоғары оқу орнын, екінші қызы мектепті тәмамдаса, кенже ұлы сүндеттелген. Осылайша, өнердегі әріптестердің басын қосқан дүбірлі тойды жасауға бірден үш айтулы оқиға себеп болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Мобилограф Астана | Reels | Видео (@bachobai)
Мерекелік шараға Майра Ілиясова, Қайрат Нұртас және оның әйелі, RaiM мен Ерке Есмахан, Маржан Арапбаева, Айгүл Иманбаева, Жазира Байырбекова және басқа да әртістер келді. Олардың барлығы сол кеште ән айтып, би билеп, көңіл көтерді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от @raiymbek.president
Мөлдір Мұқанованың өзі тойда ән айтып, үлкен қызына жаңа көлік сыйлады, сондай-ақ қуанышты сәтке ортақтасуға келген қонақтарға тойбастар ретінде гауһар тастардан жасалған бұйымдар сыйға тартылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ПЛАСТИЧЕСКИЙ ХИРУРГ | ПЕРЕСАДКА ВОЛОС | ОБУЧЕНИЕ | (@banu_doctor_)
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Мөлдір Мұқанова (@moldir_moments)
Публикация от Мөлдір Мұқанова (@moldir_moments)
