Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей Федерациясы ешқашан Үшінші дүниежүзілік соғысты бастамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған astana24.com.
Дмитрий Песковтың айтуынша, Ресей өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әрдайым шаралар қабылдайды, бірақ ешқашан Үшінші дүниежүзілік соғысты бастамайды.
"Біз өз қауіпсіздігіміз үшін шаралар қабылдаймыз, бірақ ешқашан Үшінші дүниежүзілік соғысты бастамаймыз", – деп келтіреді агенттік Песковтың швейцариялық Weltwoche басылымына берген сұхбатындағы сөзін.
