Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалдық ойындары аяқталды. Сегіз ұлттық құрама плей-оффтың келесі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды astana24.com.
Футболдан әлем біріншілігі үш елде – АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир қожайындары саналатын барлық команда 1/8 финалда жарыс жолынан шығып қалды. Ширек финалға сегіз ұлттық құрама шықты, оның ішінде қазіргі чемпион – Аргентина да бар.
Келесі кезең ойындары Қазақстан уақыты бойынша 10-12 шілде аралығында өтеді. Ширек финал жұптары төмендегідей:
Осылайша, басты титул үшін күресті Еуропадан (UEFA) алты құрама, Африка (CAF) мен Оңтүстік Америкадан (CONMEBOL) бір-бір команда жалғастырады.
Футболдан әлем чемпионаты 19 шілдеге дейін жалғасады.
