in

"Қысы қатал": Қазақстан көшуге қолайлы елдер рейтингінде 77-орынға ие болды

2026 жылы көшіп баруға ең қолайлы елдердің жаңа рейтингі жарияланды. Қазақстан бұл тізімде 77-орынға табан тіреді, бұған қатал қыс пен тұрғын үй бағасы әсер еткен, деп хабарлайды astana24.com.

Жыл сайын екінші тоқсанның соңында жарияланатын және 192 елді 24 көрсеткіш бойынша бағалайтын Rumavi Global Relocation Index жаңа рейтингі жарық көрді. Тізімде Эстония көш бастады.

Одан кейінгі орындарға Сингапур, Малайзия, Португалия, Тайвань, Литва, Гонконг, Сент-Китс, Невис, Чехия және Мальта жайғасқан.

Қазақстан жалпы есепте 77-орынға тұрақтады. Санаттар бойынша бөліп қарастырсақ, Қазақстан зейнеткерлер үшін қолайлы елдер арасында 70-орында, "цифрлық көшпенділер" үшін – 60-орында, отбасыларға жайлылығы бойынша – 76-орында, бизнес бойынша – 68-орында және салық жүйесі бойынша 60-орында тұр.

"Қазақстан 62,9/100 ұпаймен жалпы рейтингте 77-орынды иеленді. Бұл елді цифрлық көшпенділер үшін ерекше тартымды (№60), орта деңгейдегі бағыт ретінде көрсетеді", – дейді сарапшылар.

Олардың айтуынша, Қазақстан – әлемдегі баспанасы ең арзан әрі қолжетімді елдердің бірі. Дегенмен, елде ағылшын тілін білу деңгейінің төмендігі, стартап экожүйесінің енді дамып келе жатқаны және қатал қыс бұл артықшылықтың маңызын азайтып тұр.