Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті әлеуметтік желіде тараған Алматыдағы колониялардың бірінде екі сотталушының қаза болғаны туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды astana24.com.
Бұған дейін Telegram-дағы EGOV.PRESS арнасында екі сотталушының қайтыс болғаны туралы ақпарат жарияланған болатын.
"Әлеуметтік желілерде Алматыдағы қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде екі сотталушы бірінен соң бірі өз-өзіне қол жұмсады деп жазып жатыр", – делінген жазбада.
ҚАЖК бұл деректі жоққа шығарды.
"Алматы мекемелерінде екі сотталушы өз-өзіне қол жұмсады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Алматыдағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері, сондай-ақ жалпы бүкіл жүйе штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жағдай тұрақты", – деп хабарлады ҚАЖК.
Ведомство көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік бар екенін еске салып, тек ресми және сенімді дереккөздерге сүйенуге шақырды.
