Венгриядағы тасжолда Польшадан келген автобус апатқа ұшырады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 12 адам көз жұмды, деп хабарлайды astana24.com "Известия-ға" сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, жол апаты түнде M3 тасжолында болды.
"Түнде поляк автобусы жолдан шығып кетіп, 12 адам қаза тапты, кемінде 10 адам ауыр жарақат алды", – деп жазды Венгрия премьер-министрі Петер Мадьяр Facebook-тегі парақшасында.
Үкімет басшысы қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.
Жүргізуші рульде қалғып кеткен болуы мүмкін деген болжам бар. Ол қамауға алынды. Автобуста 57 жолаушы мен екі жүргізуші болған. Бір адамның жағдайы ауыр, тоғыз адам ауыр жарақат алған, тағы 37 адам жеңіл жарақаттанды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Masakra…
Dziś w nocy na Węgrzech doszło do wypadku z udziałem polskiego busa, który przewoził 57 pasażerów.
Zginęło 12 osób, a 10 zostało rannych.
Oby stan ranych się nie pogorszył… pic.twitter.com/juwkRQSwxg— Jan Molski (@JanMolski) August 16, 2026
