in

Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне жаңа атақ пен медальді енгізу туралы шешім қабылдады

Қазақстанда мемлекеттік наградалар тізіміне "Шәмші Қалдаяқов" медалі мен "Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі" құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды astana24.com президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадиярға сілтеме жасап.

Президенттің баспасөз хатшысы Telegram-дағы арнасында жазба жариялап, елімізде жаңа мемлекеттік наградалар енгізілгенін мәлімдеді.

"Мәдениет пен өнер – ұлттық бірегейлігіміздің мызғымас тірегі. Сондықтан жаңа Ата заңда төл мәдениетімізді жан-жақты қолдау мемлекеттің конституциялық міндеті ретінде бекітілді.

Осы ретте президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне "Шәмші Қалдаяқов" медалі мен "Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі" құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады", – деп жазды ол.

Бұл мәртебелі марапаттар ұлт мәдениетіне қалтқысыз қызмет етіп, соның ішінде музыка және бейнелеу өнерін дамытуға сүбелі үлес қосқан азаматтарға беріледі.