Өскемендегі сауда үйлерінің бірінде 12 жастағы Қытай азаматы жоғалған. Полиция қызметкері шетелдік баланы тауып, ата-анасына табыстады, деп хабарлайды astana24.com Telegram-дағы "ІІМ жаңалықтары" арнасына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Өскемендегі сауда үйлерінің бірінде 12 жастағы Қытай азаматы жоғалғаны туралы полицияға хабар түскен.
Кәмелетке толмаған бала ата-анасымен бірге Өскеменге турист ретінде келгені белгілі болды. Сауда үйіне келген кезде бала адасып қалып, ата-анасын өз бетінше таба алмаған.
Оқиға орнына полиция қызметкері Бекжан Акрашов дереу жетіп, іздестіру іс-шараларын ұйымдастырған.
Полицейдің үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында 40 минут ішінде 12 жастағы Zhang Tang Bo табылды. Бала ата-анасына табысталды.
Кәмелетке толмаған баланың анасы полицейге көрсеткен жедел көмегі үшін шын жүректен алғысын білдірді.
