in

Тауға аттанған жігіт үйіне оралмаған: Түркістан облысында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді

Түркістан облысының Төлеби ауданында тауға аттанған жігіт белгіленген мерзімде үйіне оралмаған. Тауда адасып кеткен ер адамды ТЖМ құтқарушылары тауып алды, деп хабарлайды astana24.com ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысының Төлеби ауданында 112 пультіне Қасқасу ауылынан шамамен 15 шақырым жерде орналасқан мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағындағы таулы жерге аттанған 1995 жылы туған жігіт қайтып оралмағаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Өздігінен төмен түсіп келе жатқан кезде ер адам аяғын қайырып алып, әрі қарай жүре алмаған. Құтқару бөлімшелерінің қызметкерлері іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде ер адам табылып, таулы жерден қауіпсіз жерге түсірілді", – делінген хабарламада.

Оған медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ туристерге таулы жерлерде демалу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды, жер бедері мен ауа райы жағдайларын ескеруді, маршруттарды өздерінің дене дайындығына сәйкес таңдауды және таулы жерде қозғалу кезінде мұқият болуды ескертеді.