in

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі екі түнге жабылады

Алматыда жүргізушілерге Төле би көшесінде түнде қозғалыс шектелетіні ескертілді. Шектеу екі көшенің аралығындағы учаскеде енгізіледі, деп хабарлайды әкімдікке сілтеме жасаған astana24.com.

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс екі түнге шектеледі. Шектеу LRT жобасын жүзеге асыру аясындағы жұмыстарға байланысты.

"21 және 22 тамыз күндері сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін инженерлік желілерді қайта құру жұмыстарына байланысты Наурызбай батыр көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі аралықта көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Тұрғындардан бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – делінген хабарламада.