Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында Қазақстан халқына үндеу жасайды, деп хабарлайды президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияровқа сілтеме жасаған astana24.com.
"Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында Қазақстан халқына үндеу жасайды
Президенттің үндеуі сағат 19:00-де республикалық телеарналардан көрсетіледі", – деп жазды Айбек Смадияров Telegram-дағы арнасында.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бас прокуратура 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарын сайлау алдында қазақстандықтарға үндеу жасаған еді.
