Желіде Медеудегі денсаулық баспалдағымен көтеріліп, тауға шыққан әженің видесы тарады. Threads желісінің қолданушысы әжейдің 90 жаста екенін жазған, деп жазады astana24.com.
Тоқсанды алқымдаған қарттың тауға көтерілгенін видеоға түсірген қолданушы оның шаршамастан, баспалдақпен көтеріліп бара жатқанына таңданысын білдірген.
"Қасиетіңнен айналайын! Көргім келіп еді, көрдім, міне. Енді төбеге шықсам арманым жоқ", – деді әжей өзін сүйемелдеп жүрген жанындағы әйелген.
Осылайша әжей сәл аялдап алып, таудағы таза ауаға сүйсініп, ары қарай көтеріліп кетті.
Посмотреть в Threads
Әженің аты-жөні және қай өңірдің тұрғыны екені жазылмаған.
