in

US Open: қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары анықталды

Нью-Йоркте "Үлкен дулыға" санатындағы US Open 2026 теннис турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды astana24.com.

Жеребе нәтижесі бойынша қазақстандық теннисшілердің US Open турниріндегі алғашқы қарсыластары белгілі болды.

Әлемдік рейтингте 16-орында тұрған Александр Бублик бірінші айналымда америкалық Джей-Джей Вольфпен (248 ATP) кездеседі.

Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко (97 ATP) хорватиялық Дино Призмичпен (101 ATP) ойнайды.

Әйелдер арасындағы сында қазақстандық Юлия Путинцева (80 WTA) әлемнің 12-ракеткасы, швейцариялық Белинда Бенчичпен шеберлік байқасады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның US Open турниріндегі алғашқы қарсыласы анықталған болатын.