Мұрат Қайырбек президенттің Құрылтайдағы өкілдігінің басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды astana24.com Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Әділғазыұлы Қайырбек Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Құрылтайындағы Өкілдігінің басшысы лауазымына тағайындалды", – делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
