Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан жарыстар жалғасуда. Қазақстан құрамасы турнирді жеңіспен бастады, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.
В тобында ұлттық құрама Тәжікстан командасымен кездесті. Ойын 16:3 есебімен қазақстандықтардың пайдасына аяқталды.
А тобында Ресей құрамасы АҚШ командасын 17:6 есебімен жеңді. Қырғызстан мен Өзбекстан құрамалары арасындағы матч алаң иелерінің 16:11 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Көкпардан Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 4 қыркүйекте Венгрияға қарсы өткізеді. Топтық кезеңнің соңғы ойыны Астана уақытымен сағат 16:10-да басталады. Жеңіс қазақстандықтарға финалға жолдама береді.
Бұған дейін көкпардан ұлттық құрама да жарысты ірі есеппен бастаған болатын. Көкпар – ат үстіндегі ойынның қазақша нұсқасы, ал көк-бөрі – қырғызша нұсқасы.
