in

Көшпенділер ойындары: ел қоржынына тағы бір медаль түсті

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Жандос Әубәкіров қола медаль алды, деп хабарлайды Спорт және туризм министрлігіне сілтеме жасаған astana24.com.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Алыш – белбеу күресінен еркін стиль бойынша 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әбубәкіров Жандос жүлделі III орынға табан тіреп, қола медаль иеленді.

"Спортшымыз жарыс барысында шеберлігі мен қайсарлығын танытып, ел намысын абыроймен қорғады", – делінген министрлік хабарламасында.