in

2 күннен 13 күнге дейін: 1 қазаннан бастап жұмыс іздеген адамға лайықты жұмыс табу кезеңі ұзартылады

Қазақстанда жұмысқа орналасуға көмектесу тәсілі жетілдіріледі, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасаған astana24.com.

Ведомствоның мәліметінше, 1 қазаннан бастап жұмыс іздеген адамға лайықты жұмыс табу кезеңі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады.

"Осы уақыт ішінде мансап орталығының мамандары адамның білімі, еңбек өтілі мен дағдыларын жан-жақты қарап, соған сай бос жұмыс орындарын ұсынады. Қажет болған жағдайда жұмыс берушілермен де байланысады.

Егер адамға лайықты жұмыс 13 күн күтпей-ақ табылса, осы мерзімнің аяқталуын күтудің қажеті жоқ", – делінген хабарламада.

Бос жұмыс орындарын ұсынумен қатар, азаматқа оқуға қатысу, субсидияланатын жұмыс орнына орналасу және басқа да қолдау шаралары ұсынылуы мүмкін.

"Бірінші қадам жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу. Ол үшін мансап орталығына жүгінуге, eGov арқылы немесе Электрондық еңбек биржасы Enbek.kz порталында тіркелуге болады", – делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (@enbekgovkz)