in

Тоқаевтың Германияға сапары: Қазақстан президенті Берлиннен Мюнхенге келді (фото)

Германияда ресми сапармен жүрген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Берлиннен Мюнхенге келді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған astana24.com.

Қазақстан президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Бавария үкіметі мен Ландтаг басшыларымен және бизнес-құрылым өкілдерімен кездеседі.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы Қазақстан-Бавария технологиялық форумының ашылу рәсіміне қатысады.

Еске сала кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Германия канцлері Фридрих Мерцпен кездесіп, оны Қазақстанға шақырған еді.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Германия Федеративтік Республикасының президентін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады.