in

Балуан Нұрқожа Қайпанов 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдесін еншіледі

Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының белді өкілі Нұрқожа Қайпанов 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.

74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін өткен бәсекеде қазақ балуаны үндістандық Сагар Джагланмен кездесті.

Қайпанов белдесуді сенімді бастап, бес ұпай еншіледі, содан кейін қарсыласының жауырынын жерге тигізіп, таза жеңіске қол жеткізді. Кездесу аяқталған сәтте есеп 5:0 болып, қазақ балуанының пайдасына шешілді.

Осылайша, Қайпанов Қазақстан құрамасының қоржынына еркін күрестен тағы бір медаль салды.

Айта кетейік, Нұрқожа Қайпанов 2024 жылы Тиранада өткен әлем чемпионатында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде (олимпиадалық емес) әлем чемпионы атанған болатын.