in

Анатолий Кашпировский дүниеден озды

Бүгін 87 жасқа қараған шағында танымал психотерапевт және экстрасенс Анатолий Кашпировский қайтыс болды, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған astana24.com.

Басылымның жазуынша, Кашпировскийдің дүниеден озғаны туралы ақпаратты журналистерге оның директоры Сергей Рудых растаған. Рудыхтың айтуынша, Кашпировский ауруханада қайтыс болған.

РБК-ның мәліметінше, Анатолий Кашпировский – 1980-жылдардың соңында "емдеу" сеанстары туралы телебағдарламалар арқылы танымал болған кеңестік және ресейлік психотерапевт әрі тележүргізуші. 1993-1995 жылдары Ресей Мемлекеттік думасының депутаты болған.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Кашпировский Қазақстандағы ауылдардың бірінде тұрған.

"Дәрігер-психотерапевт Анатолий Кашпировскийдің денсаулық сеанстары" бағдарламасы 1989 жылдың 8 қазанынан желтоқсанның ортасына дейін Орталық телевизияның бірінші бағдарламасынан екі аптада бір рет жексенбі күндері эфирге шығып тұрған.