in

Flydubai рейсіндегі төтенше жағдай: жараланған ұшқыштың жағдайы туралы тың дерек шықты

Үндістанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігі төтенше жағдай болған Flydubai әуекомпаниясының рейсінде жараланған ұшқыштың денсаулығы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды astana24.com ТАСС-қа сілтеме жасап.

Үндістанның БАӘ-дегі елшілігінің ақпаратына сәйкес, әмірліктердің Flydubai әуекомпаниясының ұшағында жараланған үндістандық ұшқыш Смит Маччхардың денсаулық жағдайы жақсы деп бағалануда.

"Капитан Маччхардың жағдайы жақсы және тез сауығып келеді", – делінген үндістандық елшінің БАӘ-дегі ауруханаға барғаннан кейін жасаған мәлімдемесінде. Зардап шеккен ұшқыш ол жерге Сауд Арабиясынан жеткізілген.

Маччхар Дубайдан Тель-Авивке бет алған рейстің экипаж командирі болған, сол сапар кезінде екінші ұшқыш оған пышақ жарақатын салған, соның салдарынан ұшақ Сауд Арабиясының әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды.