Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай алтын медаль иеленді, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.
90 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жекте қазақ боксшысы өзбекстандық Жахонгир Зокировпен кездесті.
Айбек Оралбай шешуші жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетіп, 2026 жылғы Азия ойындарының чемпионы атанды.
Бұл жүлде – Айбек Оралбайдың халықаралық аренадағы кезекті ірі жетістігі. Ел намысын беделді турнирлерде бірнеше рет қорғаған боксшының еншісінде әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы атағы бар. Сондай-ақ ол 2024 жылғы Париж Олимпиадасына қатысқан.
Айбек Оралбай биылғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасына бокстан екінші алтын медальді сыйлады. Бұған дейін 70 келіде Төрехан Сабырхан топ жарған болатын.
