Тамирлан Тілеулес таеквондодан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.
Ерлер арасында 58 келіде бақ сынаған Тамирлан Тілеулес финалда филиппиндік Курт Брайан Барбосамен кездесті.
Кездесудің алғашқы раунды тартысты өтіп, Тамирлан 16:14 есебімен басым түсті. Екінші раундта ол басымдығын арттырып, қарсыласына екі-ақ ұпай берді (15:2).
Осылайша, қазақ таеквондошысы финалдық бәсекеде 2:0 есебімен жеңіске жетіп, 2026 жылғы Азия ойындарының алтын медалін иеленді.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, XX жазғы Азия ойындарында Қазақстан таеквондодан тарихи нәтижеге қол жеткізіп отыр.
Осыған дейін сары құрлық бәсекесінің ақтық сынына үш қазақ спортшысы – Феруза Ергешова (Гуанчжоу-2010, 73 келі), Нұрсұлтан Мамаев (Инчхон-2014, 58 келі) және Жансель Дениз (Джакарта-2018, 73 келі) шығып, күміс жүлде алған болатын.
Енді бүгін Тамирлан финалдағы осы сәтсіз серияға нүкте қойған.
