in

Азиада-2026: қазақ балуандары қоржынға тағы екі қола медаль салды

Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында еркін күрес шебері Едіге Қасымбек пен әйелдер күресінің өкілі Зейнеп Баянова қола медаль иегерлері атанды, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.

125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен 19 жастағы Едіге Қасымбек Үндістан мен Өзбекстан балуандарын жеңгенімен, жартылай финалда ирандық қарсыласына есе жіберді.

Кейін қола жүлде үшін өткен белдесуде түрікменстандық Зыямухаммет Сапаровты 14:4 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

Осылайша, Азия ойындарына алғаш рет қатысқан Едіге Қасымбек қола жүлдегер атанды. Бұл медаль – ұлттық құраманың еркін күрестен алған екінші жүлдесі. Бұған дейін Начын Куулар (61 келіге дейін) қола медаль иеленген еді. Грек-рим күресі өкілдері арасында Мейіржан Шермаханбет те (67 келіге дейін) қола жүлде еншілеген болатын.

Ал әйелдер күресінен 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Зейнеп Баянова қола медаль үшін бәсекеде үндістандық Дипаншимен кездесті.

Кездесуде Зейнеп 11:4 есебімен басым түсіп, 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдесін алды.

Айта кетейік, Азия ойындарындағы балуандар бәсекесі 3 қазанда аяқталады. Ертең де қазақ спортшылары басқа салмақ дәрежелерінде жүлделер үшін таласады.