in

Қар, бұрқасын, көктайғақ: Қазақстанда демалыс күндері күн күрт суытады

Синоптиктер 3-5 қазан аралығында Қазақстанда ауа райы күрт өзгеретінін ескертті, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған astana24.com.

Синоптиктердің болжамынша, қыркүйек айының соңындағы жылы күндердің орнына Қазақстан аумағына қуатты Солтүстік циклонның келуіне байланысты күн күрт суытады.

Республиканың басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын түсуі мүмкін. Кезеңнің соңына қарай Қазақстанның солтүстігінде түнгі уақытта қар, көктайғақ және төмен бұрқасын күтіледі. Тек оңтүстік пен шығыс өңірлерде жаңбыр жауады.

Сондай-ақ Қазақстанның батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады.

Ауа температурасы елдің солтүстік жартысында түнде -1-ден -6°С-қа дейін төмендейді.

Күндіз солтүстік-батыста, солтүстікте және Қазақстанның орталығында ауа температурасы 0,+5°С-қа дейін, шығыста +7+12°С-қа дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +10+15°С-қа дейін, таулы аудандарда 0,+5°С-қа дейін төмендейді.

Қазақстанның батысында ауа температурасы +10+18°С-қа дейін жоғарылайды.