in

"Ұстаздар күніне сыйлық": қазақстандықтарға жаңа алаяқтық схема туралы ескертілді

Қазақстандықтарға Ұстаздар күні қарсаңында таралып жатқан жаңа алаяқтық схема туралы ескертілді, деп хабарлайды Бас прокуратураға сілтеме жасаған astana24.com.

Бас прокуратураның Telegram-дағы ресми арнасында хабарланғандай, алаяқтар ұстаздарға арналған тиімді сыйлық ұсыныстары бар жалған сайттарға сілтемелер жіберуі мүмкін.

"Алаяқтар алдау үшін жасанды интеллект көмегімен іс жүзінде жоқ тауарлардың суреттерін жасайды, ал сатушының орнына сатып алушыға чат-бот жауап береді.

Мұндай сайттар шынайы дүкендерге ұқсас, бірақ төлем жасағаннан кейін сатып алушының ақшасыз да, сыйлықсыз да қалу тәуекелі бар", – деп ескертті құзырлы орган өкілдері.

Бас прокуратура алаяқтардан қорғанудың бірнеше жолын ұсынады:

"Егер сіз карта деректерін беріп қойсаңыз немесе күмәнді қаражаттың алынып кеткенін байқасаңыз, дереу банкпен байланысып, картаны бұғаттаңыз және болған жағдай туралы полицияға хабарлаңыз", – делінген хабарламада.