Қадиша Беготаева Павлодар әкімінің орынбасары қызметінен кетті. Ол өңірдің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Павлодар облысының әкімдігіне сілтеме жасаған astana24.com.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланғандай, Қадиша Қабылдақызы 1969 жылы Новосібір облысында дүниеге келген.
1990 жылы Қарағанды кооперативтік институтын "Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау" мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1990 жылы Павлодар облысы Железин ауданының автокөлік шаруашылығында бас бухгалтер болып бастаған.
1995-1999 жылдары Железин ауданының қаржы бөлімінде бас бухгалтердің орынбасары, бас бухгалтер қызметтерін атқарған.
1999-2015 жылдары Железин ауданының қаржы және экономика бөлімінде басшылық қызметтерде жұмыс істеген.
2015-2021 жылдары Павлодар облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары болған.
2021 жылдан осы лауазымға тағайындалғанға дейін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 30 жылдан асады.
