Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған astana24.com.
Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, салтанатты іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хайсам бен Тариқ Әл Саид бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырған.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, президент оркестрі Қазақстан мен Оманның әнұрандарын шырқаған.
Бұдан соң мемлекеттер басшыларының келіссөзі басталған.
Естеріңізге сала кетейік, 5 қазанда елімізге мемлекеттік сапармен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид келді.
Мәртебелі мейманды мемлекет басшысы Астана әуежайында күтіп алды.
