in

Депутаттар жеңілдетілген салық режимі бойынша бірыңғай мөлшерлеме белгілеу туралы ұсыныс білдірді

Құрылтай отырысында депутат Дәурен Ахметжаев Қазақстан аумағында арнайы салық режимі бойынша 2-3 пайыз аралығында бірыңғай салық мөлшерлемесін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.

Ахметжаевтың айтуынша, депутаттар бұған дейін бөлшек салық мөлшерлемесін 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендету жөнінде үкіметке, әкімдерге және мәслихаттарға бірнеше рет ұсыныс жолдады. Нәтижесінде көптеген өңірде мөлшерлеме 2-3 пайызға дейін төмендетілді

"Жаңа Салық кодексін талқылау кезінде де біз арнаулы салық режимі бойынша бүкіл елге бірыңғай мөлшерлеме белгілеуді ұсындық. Алайда бұл ұсыныс қолдау таппады", – деді Дәурен Ахметжаев.

Ол осы режим бойынша корпоративтік немесе жеке табыс салығының базалық мөлшерлемесі 4 пайызды құрайтынын атап өтті. Алайда мәслихаттар қызмет түрі мен объектінің орналасқан жеріне қарай осы мөлшерлемені 50 пайызға дейін төмендетуге немесе көтеруге құқылы екенін айтады. Депутаттың сөзінше, сол себепті бір өңірде салық мөлшерлемесі 2 пайыз болса, басқа өңірде 6 пайыз болуы мүмкін.

Осыған байланысты депутат мынадай ұсыныс жасады: