"7-20-25" ипотекасы Қазақстанда әлі де жұмыс істеп тұр. 1 қазаннан бастап оны жүзеге асыруға 2026 жылға арналған соңғы 25 млрд теңге көлеміндегі транш бөлінді. Бағдарламаға қандай пәтерлер сәйкес келетінін astana24.com порталынан оқып-біле аласыз.
Қазақстандықтар "7-20-25" бағдарламасы аясында 7 пайыз жеңілдікпен тұрғын үй несиесін рәсімдей алады. 1 қазаннан бастап 2026 жылға арналған соңғы 25 млрд теңгелік лимит бөлінді.
"Крыша" порталы атап өткендей, биылғы 9 ай ішінде бағдарлама бойынша жұмыс істейтін банк-операторлар бөлінген 100 млрд теңгенің ішінен 74,9 млрд теңгесін игеріп, 3 696 несие берген.
Ұлттық Банк деректері бойынша, бағдарлама басталғалы бері қазақстандықтар жалпы сомасы 1,25 трлн теңгеге жуық 86 851 несие рәсімдеген.
"7-20-25" бағдарламасының шарттары қандай:
7% ипотеканы қай банктер береді
Қазіргі таңда бұл жеңілдікті бағдарлама аясында ипотеканы 7 банк береді:
7 пайыздық ипотека туралы қандай нюанстарды білу керек
Жеңілдігі бар ипотекаға қатысу үшін алдымен банктің сайтында немесе ресми мобильді қосымшасында алдын ала онлайн-өтінім беру қажет.
Ол үшін таңдалған пәтер туралы ақпарат, соның ішінде кадастрлық нөмір мен құрылыс салушының БСН-і қажет болады. Негізгі өтінімді, әдетте, банк бөлімшесінде рәсімдейді.
Маңызды: алдын ала өтінім мен несиені рәсімдеу арасында бірнеше ай өтуі мүмкін. Осы уақыт ішінде таңдалған пәтер сатылып кетуі ықтимал. Ондайда басқа баспана іздеп, рәсімді қайтадан өтуге тура келеді.
Бағдарламаның басты қиындығы – пәтер құнына қойылған шектеу. Қазіргі бағамен шарттарға сәйкес келетін баспана табу қиын.
Сонымен қатар талаптар бойынша дайын пәтерді сатып алу керек, ал әдетте нысанды тапсыру сәтінде сатылмаған пәтер табу оңай емес.
Сондай-ақ ипотеканың қолжетімділігіне жылына бөлінетін 100 млрд теңгелік лимит – тоқсанына 25 млрд теңгеден бөлінеді. Бұл шамамен 5 мың несие.
Банктер ипотеканы өз қаражаты есебінен береді. Кейін Қазақстан орнықтылық қоры (ҚОҚ) несиелерді тоқсандық лимит шегінде сатып алады. Сондықтан өтінімдер саны шектеулі. Лимит таусылғанда, банк келесі траншқа дейін өтінімдерді қабылдауды тоқтата алады.
