Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген бельгиялықтар королі мен патшайымы фотографтың объективіне ілікті. Кадрда ерлі-зайыптылардың елорда көрінісін тамашалап тұрған сәті бейнеленген, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған astana24.com.
"Король Филипп пен патшайым Матильда Астананың ажарын Ақордадан тамашалады", – делінген Ақорда жариялаған суреттің сипаттамасында.
Суреттен "Бәйтерек" монументі мен елорданың басқа да сәулетті көрнекті орындарын көруге болады. Панорамалық көрініс "Ақорда" резиденциясының үлкен терезелерінен ашылып тұр.
Естеріңізге сала кетейік, 11 қазанда Қазақстанға мемлекеттік сапармен бельгиялықтар королі Филипп пен патшайым Матильда келді. Оларды елорда әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
Бүгін Ақордада мәртебелі меймандарды ресми қарсы алу рәсімі өтті. Мәртебелі меймандардың құрметіне Әскери әуе күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Бельгияның мемлекеттік туларын желбіретіп, Ақорда алдынан ұшып өтті.
Салтанатты рәсімнен кейін тараптар шағын құрамда сондай-ақ кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.
