Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған astana24.com.
Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның 88-бабының 5 тармағына сәйкес премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен консультация өткізгеннен кейін "Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы" жарлыққа қол қойған.
"Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оның дайындығы мен өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қабылдау тапсырылды.
Жарлық жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілед", – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі барлық деңгейдегі мәслихаттарды мерзімінен бұрын таратуды ұсынған еді.
