in

Үндістанда ұшақ шұғыл қонды: салонда пауэрбанк жанған (видео)

Делиден Ченнаиге бағыт алған IndiGo рейсі салонда пауэрбанк тұтанғандықтан Хайдарабад қаласына шұғыл қонды. Бұл туралы astana24.com Indian Express-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 11 қазанда болды – әуеде жолаушылардың бірінің пауэрбанкі тұтанған.

Белгіленген хаттамаларға сәйкес ұшқыштар ұшу бағытын өзгерту туралы шешім қабылдаған және ұшақ Хайдарабадтағы Раджив Ганди атындағы халықаралық әуежайға аман-есен қонған.

Жолаушылар басқа ұшаққа отырып, сапарын жалғастырды.

WATCH: Powerbank fire breaks out in the overhead luggage compartment on an IndiGo flight on Sunday. The aircraft was diverted to Hyderabad, where it landed safely. https://t.co/G9JevuFVPp— Breaking Aviation News & Videos (@aviationbrk) October 11, 2026