in

Қазақстан құрамасы жазғы Пара Азия ойындарының ашылу салтанатына қатысты

Жапонияның Нагоя қаласындағы "Палома Мидзухо" стадионында V жазғы Пара Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды astana24.com.

Іс-шара "Біз – тамаша тұлғамыз" ұранымен өтті. Қазақстан туын 2024 жылғы Паралимпиаданың қола жүлдегері, ядро лақтырудан Пара Азия ойындарының чемпионы Дастан Мұқашбеков пен пара дзюдодан әлемнің вице-чемпионы Аяла Мереке алып шықты.

Жарыста ел намысын 150 спортшы қорғайды, олар спорттың 18 түрінің 12-сі бойынша жүлдеге таласады. 2026 жылғы Пара Азия ойындарына 45 ұлттық құрама қатысады. Медальдар жиынтығының жалпы саны – 489.

Жапония Пара Азия ойындарын алғаш рет қабылдап отыр. Жарыстар негізінен Нагоя қаласы мен Айти префектурасының ареналарында өтеді.

Жабылу салтанаты 24 қазанда "Палома Мидзухо" стадионында болады.