Танымал колумбиялық әнші Шакира 18 қазанда Бішкекте концерт берді – желіде "Бишкек Аренадағы" шоудан және оған дайындық барысынан кадрлар пайда болды, деп хабарлайды astana24.com.
Шакира Instagram желісіндегі парақшасында бірнеше story жүктеді – онда колумбиялық әншінің қырғыздың ұлттық бас киімін киіп, шашын өріп шыққанын байқауға болады.
Оны куәгерлер репетиция кезінде байқап қалған, тиісті кадрлар жергілікті пабликтерде тарады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Bishkek Online (@bishkek.online)
Публикация от Bishkek Online (@bishkek.online)
Ал кешке түрлі елден келген көрермен шоуды тамашалады – бұл Шакираның Орталық Азиядағы алғашқы концерті болды. Ол Las Mujeres Ya No Lloran World Tour әлемдік турнесі аясында өтті.
Көрермен әлеуметтік желіде әншінің сахнада өнер көрсеткен сәттерін бөлісті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Bishkek Online (@bishkek.online)
Алдымен әнші көрерменмен қырғыз тілінде амандасып, кейін жанкүйеріне жүрекжарды сөзін арнады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от НОМАД ТВ (@nomad_kyrgyzstanru)
Артынша өзінің хиттерін орындады. Шакира шығармашылығының жанкүйері әншіні қошеметпен қарсы алып, онымен бірге ән айтып, биледі.
