in

Каппадокияда туристер арасында танымал жартас құлады: қаза тапқандар бар (видео)

Түркияның Каппадокия аймағында туристер арасында "сиқырлы мұржа" атауымен танымал жартас опырылды, деп хабарлайды Turkiye today басылымына сілтеме жасаған astana24.com.

Басылымның мәліметінше, жартастың опырылуы салдарынан екі адам қаза тауып, біреуі жарақат алған. Жартастың бөлшектері сол маңдағы ашық аспан астындағы музей аумағына құлаған.

Невшехир губернаторы Хусейн Кок төтенше жағдай нөсерден кейінгі көшкін салдарынан болғанын хабарлады.

Kapadokya’da peribacası yıkıldı… Nevşehir’in merkez ilçeye bağlı Göreme beldesinde peribacası yıkıldı. Olay yerine çok sayıda ambulans sevk edildiği öğrenildi. https://t.co/vIpa2dYzA2— Lale Haber (@lale_haber) October 29, 2026

Гөреме қаласындағы оқиға орнына полиция, жандармерия, AFAD табиғи апаттардың зардаптарын жою агенттігі және медициналық бригадалар жіберілген. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

"Өкінішке қарай, біз екі адамның денесін таптық және бір зардап шегушіні ауруханаға жеткіздік. Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстарымыз жалғасып жатыр", – деді губернатор.

Deadly collapse in Cappadocia: a disaster waiting to happen? Nevşehir Governor Hüseyin Kök: 2 killed, 1 injured as a fairy chimney fell at the Göreme Open-Air Museum entrance (Habertürk). Act of nature, or negligence at the site? #Cappadocia #Kapadokya https://t.co/CXOtVhb24S— Notif News (@NotifNews1) October 29, 2026