in

Астанада тілсіз жау көпбалалы отбасын баспанасыз қалдырды (видео)

Астанада тілсіз жау көпбалалы отбасын баспанасыз қалдырды. Қазір олар туыстарының үйін паналап жүр, деп хабарлайды astana24.com Astana TV-ға сілтеме жасап.

Астанада төрт бала тәрбиелеп отырған отбасы ірі өрт салдарынан баспанасыз қалды.

Өрт шыққан сәтте барлық бала үйде болған. Тілсіз жау түн ортасында, балалар шырт ұйқыда жатқанда тұтанған. Өртті алғаш болып оянып, үлкендерді оятқан алты жастағы ұлы байқаған. Балалар жалаңаш, жалаң аяқ қалпында терезеден шығып үлгерген.

"Өрт пештің кесірінен шыққан болуы мүмкін. Пештен заттар өртене бастаған көрінеді. Бұл кезде бәрі ұйықтап жатқан. Салдарынан от лезде лап ете түсті. Өрт сөндірушілер келгенге дейін үй түгелдей дерлік жанып кетті.

Біздің қазіргі басты проблемамыз – үйді қалпына келтіру. Жөндеу жұмыстарына қаражатымыз жоқ. Үй толығымен жанып кетті, ештеңе қалмады. Тіпті балалардың киімі де – күнделікті киетіні де, мектептікі де сақталмады. Бәрі өртенді. Балалар өртеніп жатқан үйден терезе арқылы жалаң аяқ және күртесіз қашып шықты", – дейді зардап шеккен Айнұр Наниева.

Өрт сөндірушілер келген сәтте үй толығымен жанып кеткен.

"Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде барақ үйдiң шатыры, қазандық пен төрт қора-қопсы ішінара өртеніп жатқаны анықталды. Өрттің жалпы аумағы 270 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілер 15 газ баллонын шығарды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", – дейді Астана қаласы ТЖД ресми өкілі Нргүл Нұрғалиева.

Сондай-ақ жалын көрші үйдің шатырын да шарпыды. Зардап шеккендердің арасында зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдар бар. Олар зақымданған баспананы өз бетінше қалпына келтіре алмайды.

Зардап шеккен көпбалалы отбасы уақытша туыстарын паналап жүр.

"Дом по адресу улица Керегетас 46 включен в список запланированных к сносу в 2027 году. В рамках сноса собственникам квартир будет предоставлено новое жилье взамен имеющегося.

"Керегетас көшесі, 46 мекенжайындағы үй 2027 жылы сүріледі деп жоспарланған тізімге енгізілген. Сүру аясында пәтер иелеріне бар баспананың орнына жаңа тұрғын үй беріледі.

Әлеуметтік көмек көрсету аудан әкімдігі аппаратының құзыретіне кірмейді. Қазіргі уақытта мектеп сөмкелері мен азық-түлік жиынтығы түрінде көмек көрсетілуі мүмкін", – деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері.