Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2027 жылғы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін бекітті. Келер жылы мұндай сегіз шешім қабылданады, деп хабарлайды astana24.com Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Келесі жылы базалық мөлшерлеме бойынша сегіз шешім қабылдау жоспарланып отыр. Оның төртеуі болжамдық раунд нәтижелері негізінде қабылданады.
"Базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер аптаның соңғы жұмыс күні Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де жарияланады. Олар келесі аптаның бірінші жұмыс күнінен бастап күшіне енеді", деп түсіндірді Ұлттық банктегілер.
2027 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер келесі күндері жарияланады:
Еске сала кетсек, Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша соңғы рет биыл 23 қазанда шешім қабылдаған еді. Ол 15,75 пайызға дейін төмендетілді.
