in

Алматы көшелеріндегі кептеліс деңгейі 10 баллға жетті: қозғалыс қиындады

Алматы көшелерінде 10 баллдық кептеліс туындады. Жүргізушілер мегаполистің бірнеше дерлік ауданында көліктер қозғалысы қиындағанын айтып шағымданып жатыр, деп хабарлайды astana24.com.

2GIS деректері бойынша, 24 қарашада сағат 17:50-де ауа райының нашарлауына байланысты Әл-Фараби даңғылы мен Саин көшесінде, сондай-ақ Достық даңғылында (Қабанбай батыр көшесінен Омаров көшесіне дейінгі аралықта) 10 баллдық кептеліс тіркелді.

Сонымен қатар Абай даңғылы, Назарбаев даңғылы, Төле би көшесі, Сейфуллин даңғылы, Тимирязев, Жароков, Розыбакиев, Жандосов, Бөгенбай батыр, Сәтпаев, Мұқанов, Мақатаев көшелерінде кептеліс туындаған.

Райымбек, Рысқұлов даңғылы мен Солтүстік айналымда да 10 баллдық кептеліс тіркелген.