Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров желіде марапаттау рәсімінен кейін Геннадий Головкинмен түскен қызықты суреттерін жариялады. 26 қарашада оған ҰОК ордені табысталған еді, деп хабарлайды astana24.com.
Спортшы бұл кадрларды Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда Головкин фигуриске жұдырықпен соққы жасаған сыңай танытып суретке түскен.
"Геннадий Геннадьевич – мен шынайы тәнті және спортта үлгі тұтатын адам. Сондықтан бұл марапатты дәл оның қолынан алу – ерекше мәртебе әрі үлкен қуаныш. Қолдауыңызға рақмет! Мен мұны шынайы бағалаймын және алғыс айтамын. Рақмет!" – деп жазды Михаил.
Желі қолданушылары екі спортшыға арнап жазбаға пікір қалдырды.
"Сіздер үздіксіздер", "Шын жүректен құттықтаймын, Миша", "Қазақстанның үздік өкілдері", "Біздің мақтаныш" – деп жазды жанкүйері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от MIKHAIL SHAIDOROV (@mikhail_shaidorov)
Еске сала кетейік, кеше қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров елдегі Олимпиада қозғалысын дамытуға қосқан үлесі мен жетістіктері үшін Ұлттық олимпиада комитетінің орденін алған болатын.
