Бүгін, 28 қарашада Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауы қарсаңындағы тыныштық күні басталды. Түн ортасынан бастап кез келген үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынды, деп хабарлады astana24.com.
Бүгін сағат 00:00-де Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауы алдындағы тыныштық күні басталды. Бұл кезеңде кез келген үгіт-насихатқа тыйым салынады және ол заңсыз деп есептеледі.
Орталық сайлау комиссиясы хабарлағандай, тыныштық күні – бұл дауыс беретін күннің алдындағы күн. Осы уақыт ішінде жария түрде сөз сөйлеуге, кез келген кандидаттар мен саяси партияларды қолдау мақсатында үгіт материалдарын таратуға тыйым салынады.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 102-бабына сәйкес, кандидатты, саяси партия ұсынған партиялық тізімді тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін, сайлау болатын күні не оның қарсаңындағы күні сайлау алдындағы үгітті жүргізу, сондай-ақ жалпыхалықтық референдум өткізілетін күні не оның қарсаңындағы күні үгіт жүргізу айыппұл салуға әкеп соғады:
Естеріңізге сала кетейік, 13 қазанда Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтетінін хабарлаған болатын.
2 қарашада ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындысын жариялады.
Жалпы республика бойынша 10 971 кандидат тіркелген.
