Жоламан Биғабыл Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасына үшінші алтын медальді сыйлады, деп хабарлайды astana24.com.
23 жастағы спортшы 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ол финалға дейін тәжікстандық Махсатулло Муминовты (7:0) және индонезиялық Мұхаммад Тегар Джануарды (6:1) жеңді.
Ақтық сында Биғабыл өзбекстандық Хумоюнмирзо Халимовпен кездесіп, 9:1 есебімен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Бұл салмақ дәрежесінде қола медальді тәжікстандық Муминов пен малайзиялық Тевендран Калиана Сундрам иеленді.
Жоламан Биғабыл алғаш рет Азия ойындарының алтын медалін алды. Бұған дейін ол Азия чемпионаттарында екі рет жеңіске жетіп, 2025 жылғы Исламиаданың қола жүлдегері атанған болатын.
