Қазақстан баскетболшылары Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының плей-офф кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды astana24.com Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында баскетбол бәсекесінің топтық кезеңі мәресіне жетті.
С тобында өнер көрсетіп Қазақстан ерлер құрамасы шешуші ойында Бахрейнмен алаңда жолығып, 78:101 есебімен есе жіберді.
Осылайша отандастарымыз топтағы барлық үш ойында қарсыластарына жол беріп, плей-оффқа өте алмады.
Айта кетейік, Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты 19 қыркүйекте Нагоя қаласындағы Nagoya City Mizuho Park Athletic стадионында өтеді.
