in

Қазақстанда соңғы екі айда тұрғын үйге сұраныс азайды

Тамызда Қазақстанда 35 807 тұрғын үй мәмілесі тіркелді. Бұл шілдемен салыстырғанда 3,6 пайыз аз, ал былтырғы көрсеткіштен 13,5 пайыз төмен. Толығырақ astana24.com сайтынан оқи аласыздар.

Қазақстанда тұрғын үй бағасының қалыпты өсімі байқалады. Тамызда бастапқы нарықтағы пәтерлер 0,6 пайыз, ал қайталама нарықтағы баспана 0,8 пайыз қымбаттады. Соған қарамастан тұрғын үйге деген сұраныс екінші ай қатарынан төмендеп отыр.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, тамызда Қазақстанда 35 807 тұрғын үй сатып алу-сату мәмілесі тіркелді. Бір ай ішінде сұраныс 3,6 пайыз, ал жыл басынан бері 13,5 пайыз азайды.

Тұрғын үй мәмілелерінің саны барлық дерлік өңірде азайды. Тек бес облыста ғана өсім байқалды:

Сұраныс Алматы облысында қатты азайған. Онда мәмілелер саны өткен аймен салыстырғанда 21,1 пайыз кем.

Астанада сатылым бір айда 8,6 пайыз төмендеп, 6 398 мәміле жасалған. Шымкентте бұл көрсеткіш 1,6 пайыз азайып, мәміле саны 1 791-ге жетті.

Жылдық көрсеткіш бойынша тек үш өңірде ғана өсім байқалғанын атап өту керек:

Қазақстандықтар қандай тұрғын үйді жиі сатып алды

Тамызда қазақстандықтар пәтер алуда белсендірек болды. Пәтерлер бойынша 27 719 сатып алу-сату мәмілесі жасалды. Жеке тұрғын үйлер бойынша 8 088 мәміле тіркелді.

Халық көбінесе 1 бөлмелі пәтерлерді таңдаған – 10 806 мәміле. Одан кейінгі орында 2 бөлмелі пәтерлер тұр – 10 296 мәміле. 3 бөлмелі пәтерлер бойынша небәрі 5 425 сатып алу-сату мәмілесі жасалды.