in

АҚШ-тағы турнирде қола алған Бибісара Асаубаеваға берілетін сыйақы көлемі қандай

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Cairns Cup 2026 турнирінің қорытындысы бойынша 35000 доллар сыйақы алады, деп хабарлайды astana24.com ұйымдастырушыларға сілтеме жасап.

Тоғыз турдың қорытындысы бойынша спортшы бес ұпай жинап, қола жүлдегер атанды. Ол үшінші орынды америкалық Карисса Йиппен бөлісті.

Екі шахматшы да 35 мың доллар көлемінде сыйақы алады (ағымдағы бағам бойынша шамамен 16 миллион теңге).

Чемпиондық титулды жеңіп алған қытайлық Тань Чжунъи 65 мың доллар тапты. Америкалық Элис Ли күміс жүлдегер атанып, 50 мың доллар алды.

Cairns Cup — әйелдер арасындағы ең беделді шахмат турнирлерінің бірі. Турнир Сент-Луис қаласында (Миссури штаты, АҚШ) өтті. 250 мың долларды құрайтын жалпы жүлде қоры турнир құрылған алты жыл ішіндегі ең ірі жүлде қоры болды.