Қазыбек Қалмағамбетов күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатында (U20) топ жарды, деп хабарлайды astana24.com.
Турнир Словакия астанасы Братиславада өтіп жатыр. Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Қалмағамбетов финалға дейінгі жолында төрт балуанды жеңді.
Шешуші белдесуде оның қарсыласы беларусьтік Михаил Марковский болды. Тартысты кездесу 13:7 есебімен қазақ балуанының жеңісімен аяқталды.
Осылайша, 19 жастағы Қазыбек Қалмағамбетов 20 жасқа дейінгі балуандар арасында әлем чемпионы атанды.
Бұл алтын медаль – Қазақстан құрамасының осы турнирдегі алғашқы жүлдесі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Kazakhstan Wrestling Federation (@kazwrestling_official)
