in

Тарихи жүлде: Артем Саркисян семсерлесуден жазғы Азия ойындарының қола медалін иеленді

Семсерлесуден Артём Саркисян жазғы Азия ойындарының тарихи қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды astana24.com Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

XX жазғы Азия ойындарында семсерлесуден кезекті жарыс күні өтіп жатыр.

Ерлер арасындағы қылыш бағдарламасында Қазақстан командасының спортшысы Артём Саркисян жартылай финалда үш дүркін Олимпиада чемпионы О Сан Укпен (Оңтүстік Корея) жолығып, 9:15 есебімен жол берді.

Отандасымыз 2023 жылы да Ханчжоудағы Азиадаға қатысып, ширек финалда тоқтаған еді.

Айта кетейік, 1994 жылдан бері семсерлесуден қылыш сайысы бойынша жеке бағдарламада Артём Саркисян Азия ойындарында бірінші жүлде алған спортшы ретінде тіркелді.